Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған \"Ұлы дала елі\" тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау. Кітап көрмесі Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастап бүгінгі Тәуелсіздігіміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елге сіңірген еңбектерін баяндайтын \"Ұлы дала мемлекеттері\", \"Күмбірлеп көне дәуір сыр шертеді\", \"Жыраулар поэзия - жырдың мөлдір бастауы\", \"Әдебиет - тарих айнасы\", \"Семей және Алаш\", \"Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы\" кітаптарымен еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саясы, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. \"Ұлы дала елі\" кітап көрмесі.

0 комментариев

«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты үздік сурет байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай \"Ерекше балалар - ерекше әлем\" жобасы аясында «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты үздік сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ    Байқауды ұйымдастырушы: Аудандық балалар кітапханасы. ✅Мақсаты: Отаның, Туған жерін сүюге , көп ұлтты, бейбіт ел екендігін таныта отырып мақтан етуге, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу. ✅Байқаудың міндеттері: - қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатыса алады. - суреттің мазмұны, сапасы бағаланады. ✅Байқауды өткізу тәртібі, мерзімі: - қазылар алқасының шешімімен үздік суреттер анықталады. - қорытынды тамыз айының 25- сы күні khromtau_kitapkhana инстаграм желісіне жарияланады. Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар: - Байқауға тақырып бойынша авторлық суреттер қабылданады; - Әр суреттің атауы болу қажет және А4 форматта қағаз нұсқада кез-келген техникамен салынған ( акварель, түрлі-түсті карандаштар және тағы басқа) суреттер қабылданады. - Жұмыстармен бірге қатысушының толық аты-жөні, жасы, жұмыстың атауы көрсетілуі тиіс; - Байқау жұмыстары Хромтау аудандық кітапханасында 2021 жылдың тамыз айының 9 –20 аралығында қабылданады. ☎️Байланыс телефоны: 2- 41-41. 87022775915, 87086284710. ✅Мекен жайы:Ә.Молдағұловаға 7. Байқаудың қазылар алқасы мен марапаттаулары: - Байқаудың…

0 комментариев