Салауаттылық – өмір негізі

 Ақпан айының 1де аудандық кітапханада «Салауаттылық - өмір негізі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өтті. Іс-шараны балалар бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Т.С. кітап көрмесіне шолумен бастады. Кітапханашы оқырмандарға тазалық пен денсаулықтың өзара байланысы туралы баяндап берді. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Дені сау адам көңіл-күйі көтеріңкі, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» дегендей, біздер деніміз сау болу үшін қолымыздан келген бәрін жасауымыз керек. Мысалы, дене шынықтыру жұмыстарын, күнделікті режим, дұрыс тамақтану. Сонымен қатар, адам денсаулығына зиянды заттардан аулақ болуы туралы әңгіме өрбітті. Оқушылар шараға белсенді қатысып, салауаттылық туралы өз ойларымен бөлісті.Тазалық, денсаулыққа байланысты тақпақтар оқылып, мақал-мәтелдер жалғастырылып айтылды. Іс-шараның соңында оқырмандарға «Салауаттылық – денсаулық кепілі » атты слайд көрсетілді.  1 февраля в районной библиотеке был проведен библиографический обзор книжной выставки « Благополучие-основа жизни». Библиотекарь детского отделения Т.Жиембаева провела обзор литературы,представленной на выставке, также рассказала читателям о взаимосвязи здоровья и гигиены.Как гласит поговорка «В здоровом теле-здоровый дух»,чтобы быть здоровым и крепким мы должны делать все,что…

0 комментариев

\»Ұлттың ұлы ұстазы\»

 Аудандық кітапхананың оқу залында дарынды ақын, ғалым, тілші, зерттеуші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Д.Мангалова оқырмандарға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет берді. Көрмеге ақынның кітаптары, оның еңбектері жайлы қаламгерлердің зерттеулері, мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген ақынның шығармалары мен өмір жолы туралы жазылған мақалалар қойылды.   В читальном зале Хромтауской районной библиотеки организовали книжную выставку «Ұлттың ұлы ұстазы» к 145 летию со дня рождения лидера казахского демократического движения начала 20-го века, наркома просвещения, просветителя, ученого-лингвиста, литературоведа, тюрколога, переводчика Ахмета Байтурсынова. Библиотекарь Мангалова Д. провела краткий обзор книг, рассказала что он был создателем первых казахских учебников и какой огромный вклад внес Байтурсынов в развитие современного общества.

0 комментариев

Жылдың ең үздік оқырманы

 Жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білім мен кітапқа деген құштарлықтарын арттыру мақсатында аудандық кітапхана оқырмандармен, балабақша, колледж, мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Ұлтымыздың ұлағатты ұрпағын қалыптастыруда атқарылып жатқан игі шаралардың ұйытқысы болып жүрген жандарға арналып Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасында \"Жылдың ең үздік оқырманы” атты кеш өтті. 2017 жылы жыл бойына кітапханаға үзбей келіп, ең көп кітап оқыған, мəдени шараларға қатысып, жан-жақты белсенділік көрсеткен тұрақты оқырмандар əр түрлі номинациялар бойынша арнайы алғыс хаттар жəне сыйлықтармен марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша тұрақты оқырман С.Қонысовқа« Ең үздік оқырман -2017»,Т.Б Байбиновтер отбасына «Үздік оқырман отбасы», №5 мектеп-гимназиясына «Үздік оқырман мектеп-2017»,№8 «Тұлпар» балабақшасына «Үздік оқырман балабақша-2017» номинациялары, естелік сыйлықтар берілді. Сөз шеберлерімен кездесіп, рухани демаламын десеңіз, бұрын білген және білмегеніңізді танып, күнделікті өмір тынысымен бірге болам десеңіз КІТАПХАНАМЫЗ әрдайым ашық!    27 декабря 2017 года в читальном зале библиотеки прошло торжественное мероприятие «Читательские номинации», на котором сотрудники поблагодарили своих лучших читателей за многолетнее сотрудничество и преданность районной…

0 комментариев