«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары
Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында ауылдық кітапханалар арасында 11 – 31 шілде аралығында кітапхананың инстаграм парақшасында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары өтеді. ✅Мақсаты: Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы оқырмандарға парасаттылық, әділдік, ізгілік, адалдық қасиеттерін насихаттау. ✅ Шарттары: Бейнебаян 3 минуттан аспауы керек. Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы тиіс. Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар https://www.instagram.com/khromtau_kitapkhana/