«Халқы сүйген қаламгер» танымдық сағаты

Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай "Халқы сүйген қаламгер" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Шараға аудандық кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, бейнесюжет көрсетілді. Шара соңында "Сөз өнерінің зергері" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.                              

0 комментариев

«Kitap Time-2022» кітап фестивалі

Хромтау аудандық кітапханасында «Kitap Time-2022» кітап фестивалі аясында кітапхананың алаңында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингтің мақсаты: оқырмандар арасында әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Шара барысында буккроссинг оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі екенін оқырмандарға түсіндіре отырып, үйімізде шаң -тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» керек екені айтылды. Сонымен қатар, ұлттық шығармаларды ұлықтаған қазақ әдебиетінің тарландары Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушылардың кітап қорындағы әр жылдары жарық көрген шығармалары мен энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, олар туралы әдебиеттер ұсынылған. Мақсаты- жазушылардың өмірі және шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың шығармаларын оқуға оқырмандардың назарын аудару.

0 комментариев

«Сырбайдың сырлы әлемі» онлайн оқулары

Хромтау аудандық кітапханада Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай "Сырбайдың сырлы әлемі" атты онлайн оқулары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленовтің шығармашылығын насихаттау. "Сырбайдың сырлы әлемі" атты онлайн оқуларын кітапхананың инстаграм парақшасынан сілтемені басу арқылы көре аласыз https://www.instagram.com/p/CirVBFfjw1U/?hl=ru

0 комментариев