«Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг

  Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кітап оқуды насихаттау заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай кітапхана жұмысында қолдану мақсатында «Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг өтті. Семинарда «Ауылдың кіші энциклопедиясы» жобасы аясында өткен «Туған өлкенің тарихи тұлғалары және тарихи ескерткіштері» байқауының қорытындысы жарияланып, үздік жұмысымен ерекшеленген Тассай ауылдық кітапхана қызметкері Карина Ақмарал дипломмен, естелік сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Жайлыбай С.А. кітапхана ісін дамытуға айрықша үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді және ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан Аққұдық ауылдық кітапханасының қызметкері Иманкулова Гүлайым Кенжебайқызын алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап, жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.  

0 комментариев

Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы

Бүгін аудандық кітапхананың оқу залында асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген халық ақыны, жазушысы, Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті. 🔸Байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа Мұхтар Шахановтың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу,отансүйгіштікке тәрбиелеу, Байқауға мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері,ауылдық және қалалық мектептерден 20 талапкер қатысты. 🔸Байқаудың шарттары: «Ана тілім – мәңгілік бойтұмарым» эссе жазу. Мұхтар Шахановтың шығармашылығынан 1 өлең оқу. 🔶 Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I орынға №5 Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Жолдасқалиева Ақтолқын, ,ІІ орынға Нұрлы көш орта мектебінің 9 класс оқушысы Қалдыбекова Айжан,Тасөткел орта мектебінің 8 класс оқушысы Әріп Инабат,ІІІ орынға Сәтбаев орта мектебінің 9 класс оқушысы Қуанышбай Мейіржан, №7 Хромтау мектеп гимназиясының №7 Хромтау мектеп гимназиясының 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл, №5Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Тәуекелова Асемай ие болды. Сонымен қатар, №3 Хромтау орта мектебінің 9 класс…

0 комментариев

«Жас толқын жырлары» кездесу кеші

Поэзияны сұлулық пен көркемдік әлеміне теңесек, соның тылсымын ұғуға ұмтылып талаптанып, қалам ұстаған жергілікті жас ақындармен «Жас толқын жырлары» атты кездесу кеші өткізілді.Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шараға жергілікті жас ақындар Сағыныш Оразайқызы, Бисенбаева Сайрагүл Таңатарқызы, Қалмұратов Жомарт Саматұлы, Реймов Қуандық Есболсынұлы, Айбол Сағынжанұлы, №1, №3 Хромтау орта мектептерінің оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Кештің мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас ақындарымыздың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру,өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу. Шара барысында оқушылар ақындардың шығармашылығы және өмір жолдарымен кеңінен танысты. Ақындар жүректен жарып шыққан туындыларын оқып, олардың шығу тарихымен бөлісті. Қонақ кәдесімен келген айтыскер ақын Айбол Сағынжанұлы кешке келген көрермендерге қазақтың қара домбырасымен арнауын тарту етті. Кеш барысында жергілікті ақын Сағыныш Оразайқызының сөзіне жазылған "Ауылым" әнін Ерхат Амангелдиев, Нұрболат Бірімжановтың орындауында көрермен назарына ұсынылды. Қаламгерлер оқушылардың сауалдарына жауап беріп, өлең өрімдерін шебер қиюластырудың тәсілдерімен бөлісіп, ағалық кеңестерін берді. «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» демекші…

0 комментариев