«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты патриоттық кеш

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік таңы мәңгілік" атты патриоттық кеш өтті. Мақсаты: бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, ел тарихына шолу жасау. Шараға №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Ақжарқын Махсутқызы мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетіп, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырды. "Тәуелсіздік шежіресі" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында оқушылардың ой-өрістерін кеңейту мақсатында тәуелсіздікке қатысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өтті.

0 комментариев

«Ерлік пен махаббат жыршысы» атты оқырмандар конференциясы

   «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік - мәдени шарасының аясында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Шараның мақсаты: Ә. Нұршайықовтың шығармаларын талдай отыра, оқырмандардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ғашықтық сезім туралы ойларын білу. Шараға №3 Хромтау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Утегалиева Гульзат, №4 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Бисембаева Гульсара, №5 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рахметова Фериза, №5 Хромтау мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ергенбекова Шахназ, №6 Хромтау гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қозбағарова Айтаңсық, №6 Хромтау гимназиясының кітапханашысы Елеусизова АлияМуханбетовна, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Калмуратов Жомарт және де кітапхананың тұрақты оқырмандары Сарсенбаева Шарипа, Кузмухамедова Улболсын, Мурзабаева Арайлым, Тау-кен техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Тымбаева Гүлсезім, Тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенті Ұлықпан Меруерт қатысты. Шара барысында Ә.Нұршайықовтың шығармашылық жолына…

0 комментариев

«БИБЛИО STAR»

Хромтау аудандық кітапханасының кітапханашысы Жаханова Ақжарқын Махсутқызы Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "БИБЛИО STAR" атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби - шығармашылық байқауынан 1 - орын иеленді.

0 комментариев