«Мен таңдаған мамандық» атты профориентациялық кездесу

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен таңдаған мамандық» атты №5 Хромтау гимназиясы 9 сынып оқушыларының қатысуымен  профориентациялық кездесу өтті. Оқушыларға болашақта мамандық тандауды дұрыс жасауына керекті мәлімет және ақпараттармен бөлісіп, психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мамандық туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейміділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.  

0 комментариев

«Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шара «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Төлен Әбдікұлының шығармашылығына байланысты «Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында жазушының өмір-баянымен таныстырып, оқушылар оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Мектеп оқушыларының Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеу, ынталандыру мақсатында «Қаламы қарымды тұлғалар» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

0 комментариев

«Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

       Ақпан айының 9 күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана-2023» әлеуметтік-мәдени шара аясында «Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, атап айтқанда Кужбанов Адильжан Тулегенович, Беляшев Мурат Жумагалиевич және  Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, подполковник Медведев Дмитрий Владимирович сонымен қатар Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты.       Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кеш барысында соғыста ерлікпен қаза тапқан ауданымыздың интернациолист-жауынгерлеріміз туралы бейнематериал көрсетілді. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Аудандық кітапханының директоры Бибігүл Ұзақбайқызы кеш қонақтарына ізгі тілегін білдірді. Кеш соңын №1 Хромтау орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хусаинов Жаслан «Әскерден хат» әнімен тәмамдады.

0 комментариев