Жас дарын/ Молодой талант

№5 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Тағыбергенов Тегістің шығарған «Жамбыл бабама» атты өлеңі  «Жамбыл бабама» 170 жыл жыр алыбы- Жамбылға, Жамбыл бабам біз үшін алып тұлға. Бір ғасырдың куәсі боп табылған, Ұмытпаймыз өзіңді әр жылда.   Жауынгерге жігер бергенсенің рухты өлеңін, Сарбаздарға қуат берген «Ленинградтық өренім». Есіміңді халқын сенің ұмытпайды ешқашан, Барлық елді тәнті еткен өленің мен өнерің.                                                  26.02.2016 жыл   Стихотворение «Жамбыл бабама» ученика 8 класса школы гимназии  № 5 Тагыбергенова Тегиса

0 комментариев

Ата заңым аялайды елімді!

  28 тамызда Хромтау аудандық кітапханасының  балалар бөлімінде  30 тамыз – Конституция күніне орай «Ата заңым аялайды елімді!» атты тәрбие  сағаты өткізілді. Қатысушылар: №3, 5 мектеп оқушылары   Мақсаты: - ҚР Ата Заңына құрмет, кітапхана кітап қорындағы құқықтық әдебиеттерді насихаттау, оқырманның құқықтық білімін көтеру. - Оқырмандарды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу. Шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Кітапханашы Конституция туралы мағлұмат беріп, оқырмандар арасында құқықтық білімін нығайтуда баяндама  жасады. Балалар сөзжұмбақ шешіп, ұлы көсемдердің нақыл сөздерін, жыр-шумақтарын жатқа оқып, әнмен шашу шашты. «Ата заңым - айбарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Заң дегеніміз не?, «Адам құқықтары» туралы қарапайым тілмен ұғындырып, Ата Заң – әр азаматтың бұлжытпай орындайтын заңның темірқазығы екендігі түсіндірілді. Тәрбие сағаты «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды.  

0 комментариев

Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

      Шараға мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Сонымен қатар мереке қонақтары Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н. Елеутов, аудандық мұражай директоры Н.Ж.Аманғалиева, Мәдениет үйінің инспекторы Р.Ж. Қаржаубаева, \"Нұр Отан” партиясы Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Нұрымов  жас дарынға шығармашылық шабыт, зорденсаулық, сәттілік, өнерінің әрі қарай шындала беруіне ізгі тілектерін білдіріп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан мұғалімі Рычкова Клараға және Марсельдің анасы Таимова Венераға алғыс хаттарын табыс етті. Марсельдің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы 2 жасынан басталған. Ерекше дарыны 2013 жылы қатысқан «Айналайын 2013» жас таланттар балалар фестивалінде байқалды, ол «Көркемсурет өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені , Космонавтика күніне орай өткен «Дети –космосу» облыстық байқауында 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, 2014 жылы қараша айында Астана қаласында балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған байқау-фестивалі ұйымдастырылып, жоғары халықаралық  сарапшылар назарына Башқұртстан, Ресей, Армения, және Қазақстаннан келген дарынды балалар және жасөспірімдер жұмыстары ұсынылып, Ақтөбе облысы соның ішінде Хромтау қаласынан 7 жасар Серіктай Марсель «Живопись» және «Графика»…

0 комментариев