«Балалар әдебиетінің атасы»

1 қараша күні аудандық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 95 жылдығына арнап«Балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби танымдық сағаты өткізілді. Танымдық шараны кітапханашы Жиембаева Т.С. жүргізіп, оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қожа маған қандай мінезімен ұнайды ?-деген тақырыпта өз ойларын айтып, пікірталасқа түсті. Әдеби танымдық сағат «Бердібек атаға арнау» өлеңін мәнерлеп оқумен аяқталды.       

0 комментариев

\»Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім\»

3 қыркүйекте Хромтау аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен \"Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім\" атты балалар сурет байқауының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өткізілді. Жалпы саны байқауға №1,5,7,8 бөбекжай-балабақшаларының, 3-5 жас аралығындағы 55 бала қатысты. Байқау нәтижесі бойынша: I орынды Давлетова Амина (№1 балабақша), II орынды Нұрланұлы Нұрсұлтан (№5 балабақша), Санат Айтмұхан (№7 балабақша), Марат Ибраһим (№8 балабақша). III орынды Ананьева Ксения (№1 балабақша), Сидакина Адина (№5 балабақша), Есенғали Сезім (№8 балабақша) иеленіп, дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқан өзге де балаларға ынталандыру үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Байқауға қатысқан барлық суреттер \"Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім\" көрмесіне қойылып, келушілер назарына ұсынылды.         

0 комментариев

«Балалар бақытты болу үшін жаралған»

  1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні аудандық орталық кітапханада «Балалар бақытты болу үшін жаралған» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: балалардың бойындағы өнерге деген қабілеттерін ашу, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Қатысқан бүлдіршіндер өздерінің дайындаған жайдарман өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, әндерін орындап, билерін билеп, қызықты ертегілер қойылымдарын көрсетіп, ойын ойнады. Бұл өткен шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және балалардың ата- аналары қатысты. Кітапханашылар қатысқан қонақтарды балалар мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыс етті. Ертеңгілік өте қызықты өтті. 1 июня в Международный День защиты детей в центральной районной библиотеке прошел праздничный утренник  «Дети рождены для счастья».Цель: раскрыть способности детей к искусству, воспитание вежливости, дружбы .Ребята читали стихи, пели песни, танцевали, показывали инсценировки из известных народных  сказок,  принимали активное участие в интеллектуальной викторине и подвижных веселых играх.В мероприятии приняли участие постоянные читатели библиотеки и родители детей. В завершение праздника всем присутствующим детям были вручены подарки.            

0 комментариев