Кітапхана — мақтанышым

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 15 тамыз күні Аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Бөгетсай ауылдық округінде «Кітапхана-мақтанышым» атты жас кітапханашылар сайысы өтті. Байқаудың мақсаты – кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындап, имиджін нығайту.    Сайысқа Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева, аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Нұржамал Имандосова және кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Баян Абиева қазылық етті.   Ауылдық кітапхана қызметкерлері 6 кезең бойынша сынға түсіп, І кезеңде өзін және қызмет атқаратын кітапханасын таныстырса, ІІ кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Жарыстың ІІІ кезеңінде қатысушылар виртуалды кітап көрмелерін көрермендерге ұсынып, ІV кезеңде қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларынан қойылған сұрақтарға жауап берді. V және VІ кезеңде сайыскерлер үй жұмысы және дайындаған портфолиосы бойынша ұпай жинады.   Сайыстың қортындысы бойынша І орынды Ақжар ауылдық округінің кітапханашысы Ұлболсын Омарова жеңіп алса, ІІ орынды Тассай ауылдық округінен келген Ақмарал Карина иеленді. ІІІ орынды Көктау ауылдық округінің кітапханашысы Эльмира Турганбаева қанағат тұтты. Сайысқа қатысушылар мен…

0 комментариев

Мамандығым–мерейім

 15 тамыз күні Бөгетсай ауылдық округінің мәдениет үйінде Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасы мен Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тоқсанбаева Маржан Қалиоллақызының кітапхана саласындағы ұзақ жылғы еңбектері мен жетістіктеріне арналған «Мамандығым-мерейім» атты кездесу кеші өтті.   Шараға Бөгетсай ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ғалымжан Түйтенов, ауыл ардагерлері мен ұстаздары және құрметті қонақтар қатысты.   Еңбек майданында өзінің еселі еңбегімен ел ықыласына бөленіп, құрмет төрінен орын алып жүрген ардақты жандар аз емес. Елінің өсіп-өркендеуіне саналы ғұмырын арнап, бүгінде ел-жұртының абыройына бөленген жанның бірі –Маржан Тоқсанбаева 40 жылдан астам уақыттан бері бір қызметте, яғни 1977 жылдан бастап Бөгетсай совхозының №4 фермасы Амангелді селолық кітапханасының кітапханашысы, ал 1980 жылдан қазіргі кезге дейін Бөгетсай селолық кітапханасының меңгерушісі қызметін мінсіз атқарып келген.    Маржан Қалиоллақызы өзінің мамандығын игеріп қана қоймай, түрлі фестивальдарға, сайыстарға, спектальдерге қатысып, өнердің кез келген саласында өз орнын таба білген. 2007 жылы алғашқы болып Бөгетсай ауылында «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасын» ашуға атсалысып, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітапхана имиджін…

0 комментариев

Әлемдік ең үздік кітаптар

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 7 тамыз күні Хромтау аудандық кітапхананың және «Нұр Отан» партиясы Хромтау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әлемдік ең үздік кітаптар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Хромтау ауданы жастары, мектеп мұғалімдері мен Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітаптың адам өміріне тигізетін әсері мен маңызы айтылып, тек рухани жетілуге ғана емес, медициналық тұрғыдан адам организмдеріне пайдасы баяндалды. Аудандық кітапхана қызметкері Дана Мангалова әлемнің ең үздік кітаптарына арналған кітап көрмесін таныстырса, Мөлдір Жанаева Қазақстанның ең үздік кітаптарына шолу жасады.    Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі таңдағы кітап оқу мәселесі жайында пікір таластырды. Хромтау ауданының жастары кітап оқуға жаңа ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілер кедергі келтіретінін жеткізсе, шараға жиналған педагог мамандар: -Мектеп оқушылары кітап оқымағандықтан сабақ барысында жүйелі сөйлем құрауда қиналады. Ақпарат заманы болғандықтан балалар керекті материалды ғаламтордан алғанды жөн көреді, - деген пікір білдірді.   Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Абиева өзі оқыған кітаптарды баяндау арқылы шараға қатысушыларды кітап оқуға…

0 комментариев