«Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі

Хромтау аудандық кітапханасы 31 мамыр күні Жеңіс аллеясында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанында еске алу жиыны өтті. Шараға аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық тарихи-өлкетану музейі, білім бөлімі, аудандық кітапхана, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, гүл шоқтары қойылды. Аудандық кітапхана «Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады. https://www.instagram.com/reel/C7n_Qm8szEU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Семинар «Кітапханалардың қызметін жаңғырту»

Ағымдағы жылдың 17 -мамыр күні «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша »КММ ауылдық кітапхана қызметкерлеріне «Кітапханалардың қызметін жаңғырту» семинары болып өтті. 📌Семинар бағдарламасында: 1. «Кітапхана және отбасылық оқу» 2. «Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралар». 3. «GoogIe Drive пен жұмыс істеуге арналған 20 лайфхак», «Кітапханалық әлеуметтік желілерді бақылау мен ескертулер». 4. «Жазбаша есептің тәсілдері» туралы айтылып талқыланды. Семинар соңында кітапханашылар өз ойларымен бөлісіп, жазғы мезгілде атқарылатын жұмыстар түрлері нақтыланды. https://www.instagram.com/reel/C7Ei3Olsbbd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

0 комментариев

Бердібек Соқпақпаевтың100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты оқырмандар конференциясы

Хромтау аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Бердібек Соқпақпаевтың100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты оқырмандар конференциясы өтті. Шараға №5 Хромтау гимназиясының 5«А» сыныбының оқушылары мен мектеп кітапханашысы Қонысбаева Гүлжайнар Кеңесқызы қатысты. Балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар “Менің атым Қожа” кітабының сюжетін белсенді талқылады, аталмыш шығармадан көріністер қойды. Сондай-ақ, іс-шарада кітапханашы Жиембаева Т.С. сұрақ-жауап ойынын өткізіп, сұрақтар қойып, оқушылардың Бердібек Соқпақбаев шығармашылығынан ойға түйгендерін сарапқа салды. https://www.instagram.com/reel/C6_FWjEssTF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

0 комментариев