“Ұлт намысының қамшыгері” атты тарихи-танымдық сағат

2021 жыл-Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай 24 қыркүйек күні аудандық кітапхана қызметкерлері №7 мектеп-гимназиясының коворкинг орталығында, батыр, қолбасшы Исатай Тайманұлының 230 жылдығына “Ұлт намысының қамшыгері” атты тарихи-танымдық сағат өткізді.Шараның мақсаты: Өз елінің тарихын құрметтеу, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу; И. Тайманұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру және қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі, ерлік жолы туралы мол мағлұмат беру.Шараға 8 сынып оқушылары, мектеп кітапханашысы Жақсыбай Қымбат ,мұғалімдер қатысып,ой пікірлерімен бөлісті.Қатысушылар назарына «Қазақтың халық батыры» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Жаханова библиографиялық шолу жасап, кітапханаға кітап оқуға шақырды.

0 комментариев

«Жемқорлық балалар көзімен» сурет байқауы

Қыркүйек айының 13-17 күндері аралығында Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектептен тыс білім беру орталығының \"Жас суретшілер\" үйірмесінің балалары арасында «Жемқорлық балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар өз жұмыстары арқылы адалдықты, елге деген сүйіспеншілігін, әділетті қоғам құрудың жолдарын көрсетуге тырысты. Белсенділік танытып, ерекше шығармашылығымен көзге түскен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша: І орын - Ұлықпанова Лаура, 8 жас «Жемқорлыққа жол жоқ»; ІІ орын- Хасымкулова Кәусар,7жас «Әлемге таза қолыңмен қол жеткіз»; ІІІ орын-Жарасбек Айару, 6 жас «Таза болашақ» тақырыбында салған суреттерімен жеңімпаз атанып, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз! 

0 комментариев

Хабарландыру

Құрметті оқырмандар! ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына байланысты аудандық кітапхана «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқанындығын хабарлаймыз. Кітапханаға келген басқа келушілердің қауіпсіздігі үшін кіру кезінде қосымшаны қолдануыңызды сұраймыз. Дорогие читатели! Доводим до вашего сведения, что в связи с постановлением главного государственного санитарного врача, районная библиотека работает по программе «Ashyq». Просим соблюдать требования, чтобы не подвергать большому риску других посетителей библиотеки.

0 комментариев