«Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясының нәтижелері

2024 жылдың 11 қазан 19 желтоқсан аралығында өткен «Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясының нәтижелерін қуана хабарлаймыз!✨ 📚 Бұл шарада жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдеби талғамын қалыптастыру басты мақсатымыз болды. Жеңімпаздарымыздың белсенділігі мен кітапқа деген сүйіспеншілігі бізді қуантты. 🎉 Жеңімпаздарымыз: 1️⃣ Ильясова Жайнагуль 2️⃣ Кошбаева Злиха 3️⃣ Мурзатаева Данагуль 🎁 Сыйлықтарыңыз: 📕 Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қуыскеуде» 📕 Балқия Балтабай «Жүрек тыныштығы» 📕 Луиза Хей «Өмірің өз қолыңда» Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Кітап оқу арқылы рухани байып, шабыт ала беріңіздер. Кітап әлемінде кездескенше! 📚Кітаппен бірге биіктерге жетейік!  

0 комментариев

«Оқырмандар шоқжұлдызы-2024» марапаттау рәсімі

20 желтоқсан күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі шараға айналған өтті. Шара барысында қаламыздың мектептері, колледждері, балабақшалары және белсенді оқырмандар түрлі номинациялармен марапатталды. 🏆Төмендегідей номинациялармен марапатталды: ✨«Үздік оқырман мектеп-2024» номинациясымен №5 мектеп-гимназиясы марапатталды. ✨«Үздік оқырман балабақша-2024» номинациясымен №5 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы марапатталды. ✨«Үздік оқырман-2024» номинациясын Шүйдебаев Құрманалы ағай иеленді. Ол бір жылда 66 кітап оқыған. ✨«Үздік кішкентай оқырман» номинациясымен Жеткерген Асия марапатталды. Ол бір жылда 77 кітап оқыған. ✨«Белсенді класс» номинациясын №3 орта мектебінің 3 «А» сыныбы иеленді (жетекшісі: Жаппақова Ақтолқын Жолбосынқызы). ✨«Кітапхана серіктестігі» номинациясымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі марапатталды. 🏆Сонымен қатар, кітапхана өткізген мәдени шараларға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды: • №7 гимназия мұғалімі Ильясова Жайнагүл Жанатқызы; • №5 гимназия тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүйінова Енілікгүл Тілекбайқызы; • Мектептен тыс білім беру орталығының «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш Есентүгелқызы; • «Жалын» вокал үйірмесінің жетекшісі Аманкелдиев Ерхат Абылахатұлы. 🏆«Креативті жас маман» номинациясымен аудандық кітапхана қызметкерлері марапатталды: • Бертакова Әсел Айтуғанқызы; • Орынбаева…

0 комментариев

«Алып тұлғаның әдеби мұрасы» әдеби кеш

📖Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевқа арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» әдеби кеш Хромтау аудандық кітапханасында өтті. 🔹Шара барысында оқушылар жазушының шығармалары бойынша топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. Сонымен қатар кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұматтар берілді. Үздік болған топтар алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды. 🔹Әдеби кеш барысында Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасы, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен маңызы талқыланды. Сонымен қатар, оның шығармаларының тақырыптары, кейіпкерлерінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер, автордың идеялық көзқарастары, әлеуметтік мәселелерге көзқарасы кеңінен қарастырылды. 🔹Жазушының еңбектері, оның тұлғасы мен шығармашылығы өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі болып табылады.              

0 комментариев