Флэш- семинар: «Жыл қорытындылары: іске асырылған жоспарлар және 2025 жылдың жаңа идеялары»

2025 жылдың қаңтар айының 28 күні Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапхана мекемесінде «Жыл қорытындылары: іске асырылған жоспарлар және 2025 жылдың жаңа идеялары» тақырыбында zoom платформасы арқылы флэш-семинар өткізілді. 🔹Семинар барысында 2024 жылғы орындалған жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктері талқыланды. Қатысушылар жобалар мен бастамалардың тиімділігін бағалап, кездескен қиындықтарды шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жаңа идеялар мен жоспарлар қарастырылып, келесі бағыттар бойынша ұсыныстар жасалды: 1. Жаңа жобаларды іске қосу үшін қажетті ресурстарды анықтау; 2. Командалық жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау; 3. Инновациялық технологияларды енгізу арқылы ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Семинар нәтижесінде 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, жауапты тұлғалар мен мерзімдер белгіленді. Аталған семинар ұйымның стратегиялық мақсаттарына жету жолында маңызды қадам болып табылады.    

0 комментариев

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылау

Хромтау аудандық кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы кітапхана қызметкерлері, оқырмандар арасында талқыланды. 🔹Мақсаты: Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру.Елдің дамуы мен азаматтардың болашағына қатысты басты стратегиялық мақсаттармен таныстыру. Сонымен қатар, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғандығы туралы айтылды. Бұл бастама аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және осы саладағы кадрларды даярлау сапасын жақсарту көзделіп отыр.

0 комментариев

«Бір ел — бір кітап — 2025» республикалық акциясы

Құрметті оқырмандар! “Бір ел – бір кітап – 2025” республикалық акциясы аясында еліміздің әдеби мұрасын бірге танып, рухани байлығымызды бірге дәріптеуге шақырамыз. Биылғы таңдаулы шығармалар: 📖Проза жанры бойынша – ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақыны, сыншысы, аудармашы әрі суреткері Тәкен Әлімқұловтың туындылары. 📖Поэзия жанры бойынша – биыл 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары. Осы әдеби туындыларды бірге оқып, талқылау арқылы халқымыздың рухани байлығын тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Баршаңызды шығармаларды оқуға және ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысуға шақырамыз!📚Әдебиет әлемінде бірге болайық!

0 комментариев