«Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағаты

Хромтау аудандық балалар кітапханасында №3 мектептің 3а сынып оқушыларымен 5 қыркүйек Қазақстан Тілдер күні мерекесі орай «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағаты өтті. 🔹 Іс-шара барысында кітапханашы Жиембаева Т.С. мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болатынына тоқталып, мемлекеттік негізгі атрибуттары және біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз – қазақ тілі екенін айтып өтті. 🔹«Ұлт болашағы-ана тілінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» жұмбақтар шешуін екі тілде айту және тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр ойындарына оқушылар белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысты. https://www.instagram.com/reel/C_iyW83M6Nb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» атты әдеби кеш

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына арналып аудандық кітапханада «Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» атты әдеби кеш өткізілді. 🔹Кешке ауылдық, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды, өлеңдері оқылды. https://www.instagram.com/reel/C_BA3miMIl_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Оқырмандарды ортақ қызығушылыққа тәрбиелеудегі озық тәжірибелер» семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 23- тамыз күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық,аудандық қызметкерлерінің қатысуымен «Оқырмандарды ортақ қызығушылыққа тәрбиелеудегі озық тәжірибелер» семинар-тренинг өтті. 🔹Семинар бағдарламасында : «Әдебиетке жаңа көзқарас: жаңа авторлар мен шығармалар» - кітап көрмесіне библиографиялық шолу, «Оқырман көкжиегі «Қарлығаш» қызығушылық клубы» - жарты жылдық есебі, «Жаңа кітап – жаңа әлем» - жаңа әдебиеттермен таныстыру, «Жаз. Кітап. Оқырман» кітапханалық жазғы оқу бағдарламасы аясында жазғы демалыс уақытында жүргізген жұмыстарына шолу, «Керемет көңіл күй сыйлау» психологиялық тренинг ұйымдастырылып өтті. 🔹Семинарды қортындылай келе ауылдық кітапханашылар тәжрибе алмасу барысында өз жұмыстарымен бөлісіп,өз ойларын ортаға салды. https://www.instagram.com/reel/C_AvWtgs7yg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев