«Әлем менің көзіммен» сурет байқауы

⚜️Хромтау аудандық балалар кітапханасы «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында «Әлем менің көзіммен» атты еркін тақырыпта онлайн сурет байқауын ұйымдастырды. 🔹Байқауға қаламыздағы инклюзивті оқитын балалар қатыстырылды. Балалар салған суреттер бір қолдан шыққандай әсер қалдырды. Себебі бәрі де жылы күнді, өздері тұратын үйлерін, жасыл табиғатты бейнелеген. 🔹Шара барысында мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары балаларға көңіл күй ,қуаныш сыйлайтын ән мен күй орындап берді. 🔹Шара соңында байқауға демеушілік жасаған ауданымыздың «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сыйлықтарын табыстады.

0 комментариев

«Әлем таныған ұлы Абай» атты әдеби алаң

Хромтау аудандық кітапханасы Абай даңғылында 10 тамыз - Абай күніне орай «Әлем таныған ұлы Абай» атты әдеби алаң ұйымдастырды. Шараның мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; ғұлама ақынның мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Шараға  мекеме қызметкерлері,мұғалімдер,студенттер,оқушылар шақырылды. Аталмыш шарада «Кемеңгерліктің биік шыңы-Абай» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.«Абай-білім арнасы, ақыл-ойдың айнасы» әдеби викторина ұйымдастырылды, «Абайдың өшпес әндері» караокемен әндері шырқалды, «Абайдың табиғат лирикасы»  сурет байқауы қорытындыланды. Жеңімпаздар анықталып дипломдармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.Шараға жиналған қауым ән тыңдап, ғұламаның өмір жолы туралы мол мағлұматтар алып, оқушылардың, студенттердің оқуындағы Абай өлеңдерімен, қара сөздерімен сусындап қайтты.

0 комментариев

🔉ХАБАРЛАНДЫРУ!

🔉ХАБАРЛАНДЫРУ! ⚜️Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 10 тамыз - Абай күніне орай «Абайдың табиғат лирикасы» аудандық сурет байқауы өтетінін хабарлайды. 🔹Байқаудың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасын сурет салу арқылы жеткізу, ақынның шығармаларын насихаттау, сурет салу машығының қалыптасуына ықпал ету. 1.1. Байқауға 15 жастан жоғары жастағы қала тұрғындары қатыса алады. 1.2. Суреттің артқы жағында автордың тегі, аты-жөні көрсетілуі қажет. 1.3. Байқау жұмыстарына көшірме немесе басқа авторлардың жұмыстары қабылданбайды. 1.4. Байқау жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы 10-баллдық жүйе бойынша бағалайды. 🔹Байқаудың шарттары: Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдері бойынша жазылған бір өлеңін таңдай отырып табиғат лирикасын өз сезімімен сурет арқылы жеткізе білу және осы өлең шумақтарын жатқа айту. 🔹Бағалау критерийлері: 2.1. Жұмыстар А 4 форматты парақтарда орындалуы тиіс; 2.2. Жұмыс мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі; 2.3. Материалды ұсынуға авторлық көзқарастың болуы,талаптарға сәйкестігі; 🔹Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. 🔹Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады. 🔹Марапаттау рәсімі 9 тамыз 16.00 де Абай даңғылында өтеді. 🔹Өтініш…

0 комментариев