«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…»💉🩸

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылып «Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» тақырыбында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен пікір алмасу өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, насыбай, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Кітапхана қызметкерлері Беркимбаева Д.Б, Абиева Б.Т бұл айтулы күннің маңыздылығына тоқталып, жастарды күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан, әлемді жайлаған нашақорлық дертінен, басқа да жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Нашақорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі дайындалып, шолу жасалды. Нашақорлық туралы әлеуметік ролик көрсетілді. https://www.instagram.com/reel/C8HNSsXMVgf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» флешмоб

Хромтау аудандық балалар кітапханасы «Жазғы оқу» бағдарламасының аясында №3 Хромтау орта мектебінің және №7 мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» тақырыбында флешмоб өткізді. Аталмыш іс- шараға қатысқан оқушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, «Көп оқысаң-көп білесің!» халық мақал- мәтелін дәлелдеді. Оқырмандардың қызығушылығымен бәсекелестік рухта іс-шараға қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады. https://www.instagram.com/reel/C76a7StMgcv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Рәміздер — тәуелсіздік тұмары» кітап көрмесі

Аудандық кітапхананың оқу залында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер — тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Ата Заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Елтану әліппесі» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы турасындағы кітаптар, фотоальбомдар, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды.

(далее…)

0 комментариев