Қаламгер Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романы бойынша ойталқы

📚5 желтоқсан күні Хромтау аудандық кітапханасында «Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» шарасы аясында өз шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде әйелдер бейнесін жаңа қырынан танытып, әйел тағдыры мен әлемін шеберлікпен суреттеген қаламгер Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романы бойынша ойталқы ұйымдастырылды. 📚Аталмыш шарада оқырмандар жазушының өмірі және шығармашылығымен танысып «Әйел бақыты» романын талқылап, романға қатысты талдау сұрақтары төңірегінде өз ойларын ортаға салып, жан-жақты талдады. https://www.instagram.com/reel/DDL9gTBM9RR/?utm_source=ig_web_copy_link

0 комментариев

«Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» шарасы

📚3 желтоқсан күні Хромтау аудандық кітапханасында, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, драматург, жазушы, және аудармашы Тахауи Ахтановқа арналған әдеби кеш өтті. 🔹Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріліп,жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізіліп, «Шырағың сөнбесін» романы бойынша бейнеролик көрсетілді. 🔹«Додекэдр» әдісін пайдаланып, оқушылармен сергіту сәті ұйымдастырылды. Әдеби кешке №5 Хромтау гимназиясының оқушылары қатысты. Тахауи Ахтановтың мұрасы – қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін баға жетпес қазына.

0 комментариев

⚜️Хромтау аудандық кітапханасында “Сыбаға” фестивалі аясында “Ата салтым – асыл қазынам” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. ⚜️Көрмеде қазақ халқының бай дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдени мұрасы жайлы әдебиеттер мен дереккөздер ұсынылды. Оқырмандарға кітаптар бойынша шолу өткізіліп, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шығармалардың мазмұны мен маңызы таныстырылды. ⚜️Іс-шара барысында оқырмандар халқымыздың салт-дәстүрлеріне арналған танымдық деректермен танысып, қызықты пікір алмасуға қатысты. Сонымен қатар, қатысушыларға кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер ұсынылып, ұлттық мәдениетке байланысты сұрақ-жауап және талқылау сәттері ұйымдастырылды. ⚜️Көрменің басты мақсаты – ата-бабадан мұра болып қалған рухани құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу, оқырмандардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу. https://www.instagram.com/reel/DDHYAMTswQ1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев