«Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі

📖№4 Хромтау орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы: әділ сөйлеп, адал жүр, мұратыңа жетесің» аймақтық ғылыми -практикалық конференциясында «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жүргізілді. 📖Көрмеге Ұлттық тәрбиенің көздері: қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлағатты қағидалары, мақал-мәтелдері,фольклор, ауыз әдебиеті туралы кітаптар қойылды. Толығырақ

0 комментариев

«Отанға қызмет» атты тарихи сағат

🔹«Отанға қызмет» атты тарихи сағат Ауған соғысы ардагерлер күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шара Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасында өтті. «Отанға қызмет» атты тарихи сағат аясында арнайы кітап көрмесі мен Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің «Ауғанның асуында от кешкендер» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ауған соғысы ардагерлері мен Отан қорғаушылардың ерлігі туралы жазылған кітаптар, құжаттар, мақалалар және фотоматериалдар қойылды. Көрмені тамашалаған оқушылар мен қонақтарға сұрақтар қойылып, Шамшат Нұрғалымның орындауында «Жаңа ғасыр Қазақстан» әні тарту етілді. Толығырақ https://www.instagram.com/hromtau_audandyk_kitaphana/?e=164390af-564d-40a5-8dcb-2c096b65be39&g=5

0 комментариев

“Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты портрет кеші

Хромтау аудандық кітапханасында жазушы Мұхтар Мағауиннің 90 жылдығына арналған “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты портрет кеші өтті. 📖Шара барысында Мұхтар Мағауинның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, еңбектері мен шығармалары жайлы әңгіме болды. Мағауиннің ұлттық әдебиетті, мәдениетті зерттеудегі рөлі, сондай-ақ тарихи романдарымен қазақ халқының өткенін жаңаша көзқарас тұрғысынан көрсетуі кеңінен талқыланды, оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріліп, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізіліп, «Аласапыран» романы бойынша бейнеролик көрсетілді. 🔹Кешке 7 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана қызметкері Ильясова Жайнагуль қатысты.

0 комментариев