«Оқырмандар шоқжұлдызы-2024» марапаттау рәсімі
20 желтоқсан күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі шараға айналған өтті. Шара барысында қаламыздың мектептері, колледждері, балабақшалары және белсенді оқырмандар түрлі номинациялармен марапатталды. 🏆Төмендегідей номинациялармен марапатталды: ✨«Үздік оқырман мектеп-2024» номинациясымен №5 мектеп-гимназиясы марапатталды. ✨«Үздік оқырман балабақша-2024» номинациясымен №5 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы марапатталды. ✨«Үздік оқырман-2024» номинациясын Шүйдебаев Құрманалы ағай иеленді. Ол бір жылда 66 кітап оқыған. ✨«Үздік кішкентай оқырман» номинациясымен Жеткерген Асия марапатталды. Ол бір жылда 77 кітап оқыған. ✨«Белсенді класс» номинациясын №3 орта мектебінің 3 «А» сыныбы иеленді (жетекшісі: Жаппақова Ақтолқын Жолбосынқызы). ✨«Кітапхана серіктестігі» номинациясымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі марапатталды. 🏆Сонымен қатар, кітапхана өткізген мәдени шараларға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды: • №7 гимназия мұғалімі Ильясова Жайнагүл Жанатқызы; • №5 гимназия тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүйінова Енілікгүл Тілекбайқызы; • Мектептен тыс білім беру орталығының «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш Есентүгелқызы; • «Жалын» вокал үйірмесінің жетекшісі Аманкелдиев Ерхат Абылахатұлы. 🏆«Креативті жас маман» номинациясымен аудандық кітапхана қызметкерлері марапатталды: • Бертакова Әсел Айтуғанқызы; • Орынбаева…