📚“ҮШ ҒҰМЫР, БІР ТАҒДЫРҒА — 130 ЖЫЛ” ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
📚“ҮШ ҒҰМЫР, БІР ТАҒДЫРҒА - 130 ЖЫЛ” ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 🔹Халқымыздың бір дәуір, бір уақыт, бір тағдыр басын қосқан үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 130 жылдығына арналған «Үш ғұмыр, бір тағдырға- 130 жыл» атты оқырмандар конференциясы өтті. 🔹Мақсаты - ұлағатты адамдардың өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. 🔹Конференцияға Хромтау тау-кен техникалық жоғарғы колледжінің оқытушылары, студенттер, кітапхана қызметкерлері қатысты. 🔹Ақын-жазушылардың даңқты туындылары ,көркемдік әлемі туралы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ситебай Гүлсезім Сарсенқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің библиографы Алмуратова Әсия Полатқызы баяндама жасады. 🔹«Үш бәйтерек:тағдыр мен тағылым» тақырыбында дайындалған кітап көрмесі ұйымдастырылып қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Бертакова Асель Айтугановна библиографиялық шолу жүргізді. 🔹Студенттер оқырмандар конференциясынан алған әсерлерімен бөлісті. Викториналық сұрақтарға жауап берді,шараға белсене қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді. https://www.instagram.com/reel/DCDzpX1sEwS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==