«Ұлы дала еліндегі ынтымақ» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық саябақта аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық саябақта аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала еліндегі ынтымақ» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі өтті. 📚Көрмеде Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихына арналған әдебиеттер, әртүрлі халықтардың ертегілері, бірлік пен татулық тақырыбындағы шығармалар ұсынылды. ⚜️Іс-шара барысында балаларға бірлік пен достық туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылды. Балалар оларды шешуге белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, бұл арқылы олар ұлттық дәстүрлермен танысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты. өтті. 📚Көрмеде Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихына арналған әдебиеттер, әртүрлі халықтардың ертегілері, бірлік пен татулық тақырыбындағы шығармалар ұсынылды. ⚜️Іс-шара барысында балаларға бірлік пен достық туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылды. Балалар оларды шешуге белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, бұл арқылы олар ұлттық дәстүрлермен танысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты. https://www.instagram.com/reel/DJFUeKgs2FD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Биыл СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ туғанына 125 жыл

⚜️”Сәбит Мұқанов- өз дәуірінің айнасы”атты әдеби кеш өтті. Кешке Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. ⚜️Мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу. Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұматтар беріліп,кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді. https://www.instagram.com/reel/DI-oS0tMCq-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған «Қазыналы өлкем-Хромтау» конференция өтті

25 сәуір күні аудандық кітапхана қызметкерлері №6 Хромтау гимназиясының ұйымдастыруымен өткен Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған «Қазыналы өлкем-Хромтау» атты конференцияға қатысты. Аталмыш шарада оқушыларға өлкетану сипатындағы әдебиеттер ,QR кодты кітаптар ұсынылып,аудан тарихында өзіндік іздерін қалдырған туған өлкенің тарихи тұлғалары туралы баяндалды. Сонымен қатар,туған жердің түлеуі үшін ештеңеден тайсалмаған атпал азаматтар, жергілікті ақын-жазушылар жайында бейнероликтер көрсетілді. Бұл конференция туған өлкенің тарихы мен мәдениетін насихаттауда, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. https://www.instagram.com/reel/DI3oRZsMem7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

0 комментариев