«Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясы

🔸Жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясы өтеді. 📚Кітап оқуды ұнатасың ба? 2024 жылдың 11 қазанынан 19 желтоқсанына дейін мүмкіндігінше көп кітап оқып, сыйлық ұтып ал! 🎁 Сыйлықтар: 📕 Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қуыскеуде» 📕 Балқия Балтабай «Жүрек тыныштығы» 📕 Луиза Хей «Өмірің өз қолыңда» 🔻 Шарттары: ✅ @hromtau_audandyk_kitaphana және @hromtau_balalarkitaphanasy аккаунттарына жазылыңыз. ✅Осы жазбаға ❤ қойып, репост жасаңыз. ✅Кітаптарды жақсы көретін 2 досыңызды пікірге белгілеңіз. ✅Біздің кітапханамыздағы кітаптарды оқыңыз. ✅Әр оқыған кітабыңыздан кейін қысқаша пікір қалдырыңыз немесе кітапты бізбен талқылаңыз. 🔸Ендеше бүгіннен бастап талғамыңа сай шығармаларды оқуға, жастар арасында оқуды сәнге айналдыру үшін кітапты өздеріңіздің таңдауыңызға мүмкіндік береміз. 🔸Ең көп кітап оқыған жастарға жоғарыдағы кітаптар сыйға тартылады. 📆 Нәтижелер 2024 жылдың 20 желтоқсанында жарияланады! Барлық қатысушыларға сәттілік!

0 комментариев

«Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» оқырмандар конференциясы

📚Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орайластырылып «Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» атты  өтті. Конференцияға №5 мектеп-гимназиясының оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Оқу залында Ж.Аймауытовтың шығармашылығын насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Абиева Б.Т өмірбаяны және шығармашылығы туралы баяндап берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтебаева Гүлсезім шығарманың бас кейіпкері Ақбілектің басынан өткен оқиғалар арқылы Ж.Аймауытов сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейтінін оқушыларға айтып өтті. Сұрақ-жауап түріндегі пікірлерден соң конференция қорытындыланып,белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.      

0 комментариев

“Брайль жүйесі бойынша үйрету жолдары”атты әдістемелік тренинг өтті

📚27 қыркүйек күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Брайль жүйесі бойынша үйрету жолдары”атты әдістемелік тренингін өткізді. Әдістемелік тренинг мақсаты: зағип және нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелер мен жобаларды талқылау, кітапханалармен қатар білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланысты, әріптестікті нығайтып тәжірибе алмасу. 📚Шара барысында Дәметкен Абдуалиқызы “Арнаулы кітапхана тарихы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Максат Амантайұлы Браильша әліппе пернесін, тифлофлешплеер, “VoiceOver” және “Be My Eyes” мобильді қосымшаларымен таныстырып, Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар, бедерлі нүктелі қаріппен жазылған әдістемелік құралдардан көрме жасақталып библиофреш өткізілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. Сондай-ақ, Гульбану Берікқызы кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп ұжымға тамаша көңіл күй сыйлады. Шара қорытындысы әдістемелік тренинг мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған “Кітапханалық қарым-қатынас” сауалнамасымен аяқталды.  

0 комментариев